Шымкентте балалардың құқықтарын қорғау бойынша түрлі шаралар атқарылып жатыр

0
395

Соның ішінде алимент өндіріп алу бойынша шаралар қабылдануда.


Шымкентте балалардың құқықтарын қорғау бойынша түрлі шаралар атқарылып жатыр

Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау, соның ішінде алимент өндіріп алу бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полиция органдары және жеке сот орындаушылармен бірге жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 36 борышкердің автокөлік құралдары айыппұл тұрағына қамалды, сондай-ақ олардың тұрмыстық техника және ұялы телефондар түріндегі мүліктері тәркіленді.

Жұмыспен қамту орталығында 478 жұмыссыз борышкер есепке қойылып, оның 201-і жұмысқа орналастырылды.

Борышкерлердің жұмыс орындарына еңбекақыдан алименттерді кезеңімен өндіріп алу үшін 1600 астам атқару құжаттары жолданды.

Жұмыссыз ретінде есепке қоюдан жалтарған 196 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қылмыстық кодекстің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 2 борышкер сотталды, 2 адамға қатысты қылмыстық істер сотта қаралуда.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері прокурорлық қадағалау шараларымен 276 млн. теңгеден астам сомаға алимент өндірілді.