Шымкентте барлық тұрғын үй аулаларын залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

0
725

Орталықтағы аулалар, балалар алаңшалары мен аялдамалар толық залалсыздандырылады.


Шымкентте барлық тұрғын үй аулаларын залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

Төтенше жағдайға байланысты қала аумағындағы барлық тұрғын үй аулалары залалсыздандырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дезинфекциялау шарасы Республика 10 және 12 үйлері мен Мақталы 120 "а", Адырбеков, Сайрам көшелері аумағында басталды.

Сонымен қатар орталықтағы аулалар, балалар алаңшалары мен аялдамалар толық залалсыздандырылады.

Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау мақсатында және Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның келісімімен 2020 жылғы 4 сәуір сағат 21.00-ден 15 сәуір аралығындағы кезеңде Шымкент қаласы аумағында карантин жарияланады.