Шымкентте басқарма басшылары тағайындалды

0
1 923

Жаңа басшылар бөлім басшысының орынбасары, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған.


Шымкентте басқарма басшылары тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен цифрландыру басқармаларына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбасқармасының басшысы болып Турханов Абай Абдиманафұлы тағайындалды. Абай Абдиманафұлы осыған дейін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбасқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

А.Турханов 1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша тасымалдау және жол қозғалысын ұйымдастыру.

  • Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент филиалының жол белгілері бойынша маман болып бастаған;
  • 2008-2018 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.


Ал, цифрландыру басқармасының басшысы лауазымынОспанов Айдос Бахытжанұлы атқаратын болады.

А.Оспанов 1987 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша каржыгер, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының магистрі.

  • Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласыныңСалық саясаты және кеден заңнамасы басқармасының сарапшысы болып бастаған;
  • 2010 - 2018 жылдары аталған мекемедебас сарапшы, бөлім басшысы;
  • 2018-2019 жылдары ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы, Шымкент қаласы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған.