Шымкентте басқарма мамандары біліктілігін арттырады

0
2 483

Мамандарға бюджет қаражатын уақтылы әрі толық игеруге және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптары түсіндіріледі.


Шымкентте басқарма мамандары біліктілігін арттырады

Шымкентте барлық басқарманың мемлекеттік сатып алу ісіне жауапты қызметкерлері біліктіліктерін арттыратын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мамандарға бюджет қаражатын уақтылы әрі толық игеруге және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптары түсіндіріледі. Оқытуды Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы мен ішкі мемлекеттік аудит департаменті бірлесіп өткізеді.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков мәлімдеді.

– Өрескел қателіктер қағидаттар мен нормаларды сақтамаудан орын алады. Сол себепті мамандардың біліктілігін арттыруымыз қажет. Ал қадағалаушы орган, яғни прокуратура кемшіліктерімізді айқындап отырады. Олардың тарапынан айтылған сынды дұрыс қабылдап, керісінше кемшілікке жол бермеудің тетігін қамтамасыз ету маңызды, - деді Ерғали Дәулетбекұлы.