Шымкентте «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында кездесу өтті

0
630

Кездесуге 40-тан астам адам келді.


Шымкентте «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында кездесу өтті

Шымкент қаласында этносаралық келісімді сақтау мен нығайту, этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу бойынша №105 жалпы орта мектебінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындарды қабылдау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Аталған жобаның мақсаты – этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу шараларын әзірлеу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердің проблемаларын анықтау, нақтылау және оларды шешу.
Әртүрлі сала мамандары мен құқық қорғау органдарынан жасақталған топтар тұрғындар арасында «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халықтың денсаулығы», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік» сынды 7 бағыт бойынша қабылдаулар жүргізді.
Жоба аясында азаматтарды қабылдап, олардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын тиісті мемлекеттік органдармен бірге қарастыратын болады.
Қабылдауға келген 42 азаматтың басым көпшілігі әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, жер, жол, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап тілектерін жеткізді.
Сонымен қатар, қабылдауға келген азаматтарға әртүрлі сала мамандары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жұмыс күші тапшы өңірлерге берілетін квоталар туралы кеңінен ақпараттар берілді.
Жоба аясында келесі қабылдау Абай ауданының Қызылжар шағын ауданында жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптар мен шағын аудандарда ақпараттық-насихаттық арнайы топтың бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда. Кезекті кездесудің жалғасы өзге этнос өкілдері тығыз шоғырланған Қаратау ауданының Бозарық тұрғын алабындағы №57 мектепте өтті. Кездесу барысында ұлтаралық ынтымақтастық пен ҚХА кеңейтілген отырысы жөнінде айтылды. Кездесуге "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Е.Байқонақов, Қаратау ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы А.Сансызбай, "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог-маманы Н.Күндебай қатысты.