Шымкентте "Бекжан базары" маңындағы жол өтпесі ашылды (фото, видео)

0
2 512

Құрылысты өз уақытынан 6 айға ерте бітірді


Шымкентте

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы «Бекжан базары» маңындағы жол өтпесі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы көшесі мен «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының қиылысындағы жол өтпесі ашылды. Жаңа жолдағы көлік қозғалысының еркін екендігі анық байқалады.


Атап айтсақ, жол құрылысы 2017 жылдың мамыр айында басталып, 2018 жылдың 1 тамызында пайдалануға берілді. Бұл құрылысқа тапсырыс беруші – «Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" бөлімі болып табылады. Құрылыстың жалпы сметалық құны 1 712 872 000 теңгені құрайды.

«Бұл жол құрылысын жақын арада аяқтаймыз. Жалпы жұмыстың 10 пайызға жуығы ғана қалды. Осы жылы Қараша айының соңына қарай толықтай тапсырамыз. Ал, жол өтпесіне келетін болсақ, құрылысты өз уақытынан 6 ай ерте бітірдік. Кеше ғана халық игілігіне берілді», - дейді құрылыс бөлімінің басшысы Еркін Ержанов.

Сондай-ақ, құрылыс алаңында 70 адам және 17 түрлі техника жұмыс істеуде.

Айта кетейік, қазіргі таңда бас мердігер «ЖБИ-С» ЖШС құрылыстың қалған 10 пайыздық жұмысын жасап жатыр.