Шымкентте білім басқармасы мектеп асханаларына заңсыз тексерулер жүргізген

0
630

100-ге жуық негізсіз тексеру жүргізілген.


Шымкентте білім басқармасы мектеп асханаларына заңсыз тексерулер жүргізген

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мектеп асханаларына негізсіз тексеру жүргізу жағдайларын анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ыстық тамақ жеткізушілеріне күнделікті мониторинг жүргізу функциялары мектептер жанындағы арнайы комиссияларға нормативті түрде бекітілген. Алайда, іс жүзінде бұл жұмысты бейінді басқарманың лауазымды тұлғалары мен ведомстволық бағынысты мекемелердің әдіскерлері жүргізген.

“Талдау көрсеткендей, қалалық білім басқармасының бұйрығымен шағын және орта бизнес (асханаларды жалға алушылар) жұмысына 100-ге жуық тексеру жүргізілген. Антикор мен әкімдіктің бірлескен жұмысының қорытындысы бойынша басқарманың бұйрықтары күшін жойып, бизнес өкілдеріне рұқсат етілмеген мониторингтердің тоқтатылғаны туралы, сондай-ақ Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы туралы ресми хабарланды”, - делінген жазбада.