Шымкентте білім беру мекемесі баскетбол добын 232 мың теңгеге сатып алмақ болған

0
534

Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген.


Шымкентте білім беру мекемесі баскетбол добын 232 мың теңгеге сатып алмақ болған

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2,2 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық білім басқармасының «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 миллион бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен. Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген. Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған” - делінген жазбада.
Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 миллион теңгеден астам қаржы үнемделді.
Айта кетейік, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратын «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталына үнемі мониторинг жүргізеді.