Шымкентте білім беру ұйымдарына профилактикалық бақылау басталды

0
1 059

Департамент басшысы Ж.Тәжиева 2020 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған білім беру жүйесіне профилактикалық бақылау жүргізу тізімімен таныстырды.


Шымкентте білім беру ұйымдарына профилактикалық бақылау басталды

Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті «Оқушылар сарайының» базасында мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында «Білім беру ұйымдарына тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау жүйесі және бару арқылы Профилактикалық бақылау жүргізудің тәртібі мен құқықтық негіздері» тақырыбы бойынша профилактикалық бақылау кезінде қолданылып, басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілерге тоқталып, толыққанды ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Департамент басшысы Ж.Тәжиева Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта білім беру мектебінде 2020 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған білім беру жүйесіне профилактикалық бақылау жүргізудің тізімімен таныстырды.