Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 7 қылмыс ашылды

0
2 692

Оның ішінде ең көп кездескен жайттар қоғамдық орындарда қоқыс тастау және қайыршылық жасау.


Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 7 қылмыс ашылды

01-07 ақпан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының "102" арнасына түрлі сипаттағы 6900 қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 7 қылмыс ашылды. Айта кетейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.


Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 919 факті анықталды. Оның ішінде ең көп кездескен жайттар қоғамдық орындарда қоқыс тастау және қайыршылық жасау.