​Шымкентте бір түнде 2 жол апаты орын алды

0
1 413

Оқиға түнгі сағат 2:00 шамасында орын алған.


​Шымкентте бір түнде 2 жол апаты орын алды

Фото: sibkray.ru

ERNUR.KZ.Шымкент қаласында бір түнде 2 жол апаты болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы Әль-Фараби және Жамбыл көшелерінің қиылысында шамамен түнгі сағат 23:00-де жол талғамайтын көлік жолдың екінші жолағына шығып жеңіл көлікке соғылған. Соққы әсерінен жеңіл көліктің есігі жұлынып кеткен. Бұл апатқа істен шыққан бағдаршам себеп болуы мүмкін.

Қуанышқа орай, апатқа түскен адамдар ауыр жарақат алмаған. Бірақ, көлік иелері айтарлықтай шығынға ұшырады. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

Келесі жол апаты Республика даңғылы бойында орын алған.

100-150 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан көлік жаяу жүргінші қағып кеткен. Жүргінші көлік үстінен аунап түскен.

Оқиға түнгі сағат 2:00 шамасында орын алған. «Рахат» аялдамасындағы жаяу жүргіншілер жолының жартысына жеткен кезде автокөлік келіп жүргіншіні қаққан. Оқиғаға жергілікті тұрғындар куә болды. Бірақ, куәгерлер көліктің бір де бір белгісін байқап үлгермеген.

Жол апатынан зардап шегуші алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханаға жатқызылды.