Шымкентте бір жыл бұрын өлтірілген әйелдің мәйіті сарқынды су шұңқырынан табылды

0
791

Полицейлер мәйіттің көрпеге оралып, скотчпен байланып тасталғанын айтады.


Шымкентте бір жыл бұрын өлтірілген әйелдің мәйіті сарқынды су шұңқырынан табылды

Шымкентте бір жыл бұрын өлтірілген әйелдің мәйіті сарқынды су шұңқырынан табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полицейлер мәйіттің көрпеге оралып, скотчпен байланып тасталғанын айтады.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта мәйіттің жеке басын анықтауға және қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті жедел шаралар жүргізілуде. «Еңбекші ауданында адам мәйітінің табылу жайты бойынша полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабымен тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес әйел азаматшаның өлімі сараптамаға дейінгі 1 жылдан астам уақыт бұрын болған, мәйіттің сүйек қанқаларында жарақат жоқ» делінген хабарламада.