Шымкентте бірқатар автобустардың қозғалыс кестесі өзгертілді

0
885

№64, №68, №72, №169 автобус маршруттарының қозғалыс кестесі өзгертілді.


Шымкентте бірқатар автобустардың қозғалыс кестесі өзгертілді

Шымкент қаласында осы жылдың 19 шілдесінен бастап №64, №68, №72, №169 автобус маршруттарының қозғалыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

№64 маршрут «Алаш базары – Темір жол вокзалы» аралығында қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Барыс базарына дейін созылды. Автобус саны жұмыс күндері – 11, ал демалыс күндері – 8 автобус болып қызмет көрсетеді. Аралық интервал 11-15 минутты құрайды.
№68 маршрут «Күншығыс ш.а мен Гагарин көшесі» аралығында қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Гагарин көшесі бойымен Хамза аялдамасына дейін қысқарды. Автобус саны жұмыс күндері – 10, ал демалыс күндері – 8 автобус. Аралық интервал 10-15 минутты құрайды.
№72 маршрут «Мұнай базасы – Алаш базары» аралығында қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Алматы тас жолы бойымен Барыс базары аялдамасына дейін ұзарды. Автобус саны жұмыс күндері – 8, ал демалыс күндері 6. Аралық интервал 20-27 минутты құрайды.
№169 маршрут «Самал базары – Оңтүстік ш/а» аралығында қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Б.Момышұлы көшесімен жүретін бөлігі Тәуке хан даңғылына өзгертілді. Автобус саны жұмыс күндері – 10, ал демалыс күндері – 8 автобус болып қызмет көрсетеді. Аралық интервал 12-15 минутты құрайды.