Шымкентте бірнеше аула пайданалуға берілді

0
557

Лентасы қиылған аулаларда спорт және балалар алаңдары, ересектер мен жастарға арналған воркаут-аймағы, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар орнатылған.


Шымкентте бірнеше аула пайданалуға берілді

Шымкент қаласында тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру әрі бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жуырда Әл-Фараби ауданы Қарасу 22, Бейбітшілік 2А және Түркістан көшесі 2/4 үйдің аулалары абаттандырылып, пайдалануға берілді.
Ашылу рәсіміне қала мәслихатының депутаты Төреайым Сұлтанова мен «Nur Otan» партиясының мүшесі Бақыт Қыдырбеков қатысты.
Лентасы қиылған аулаларда спорт және балалар алаңдары, ересектер мен жастарға арналған воркаут-аймағы, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар орнатылған.
Айта кетсек, биыл ауданда 31 спорт алаңшасы мен 27 аула абаттандырылып, кезең-кезеңімен халық игілігіне берілуде.