Шымкентте биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

0
499

Салынып жатқан үйлерден барлығы 14 551 пәтер тапсырылатын болады.


Шымкентте биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,6 млн. шаршы метрді құрайтын 275 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салынып жатқан үйлерден барлығы 14 551 пәтер тапсырылатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 400 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысы бойынша 11 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу, 25 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде»,- деді М.Әйтенов.
Шаһар әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің бірлестіктері немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформа іске асып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің 96 пайызында «Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидасысына сәйкес жаңа басқару жүйесі енгізілген. Бекітілген Жол картасына сәйкес, жыл соңына дейін жаңа басқару жүйесі қаланың тұрғын үй қатынастары саласында 100 пайызға жететін болады.