Шымкентте биыл 14 мыңға жуық бала тегін спорттық секцияларымен қамтылады

0
400

Биыл 13,7 мың баланы қамтамасыз ету жоспарлануда.


Шымкентте биыл 14 мыңға жуық бала тегін спорттық секцияларымен қамтылады

Үшінші мегаполисте спорт саласында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 2021 жылы 10 мыңға жуық бала тегін спорттық секцияларымен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ал биыл 13,7 мың баланы қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім етті.

2021 жылдың 1 мамырынан бастап қалада Мемлекет басшысының балаларды тегін спорттық секциялармен қамту жөніндегі тапсырмасын мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмі енгізілген болатын.
Бұдан бөлек, бұқаралық спортты дамыту мақсатында алғаш рет қаладағы мектеп оқушылары мен студенттерінің арасында 8 спорт түрінен «Жастар лигасы» жобасы өткізіліп, 7 мыңға жуық жас қатысты. Нәтижесінде бұқаралық спортпен қамту деңгейі 32 пайызға жетті.
2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша жергілікті және халықаралық жарыстардағы медаль иегерлер саны 616-дан 1571 дейін өскен. Өткен жылы Токио қаласында жазғы Олимпиадалық ойындарда қала спорт мектептерінің 2 спортшысы қола жүлдегерлері атанды. Айта кетейік, каратэ Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілді. Осылайша, шымкенттік спортшылар Дархан Асәділов пен Софья Берульцева каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері болып отыр.