Шымкентте биыл 6 спорт нысаны пайдалануға беріледі

0
991

Оның ішінде екеуі бюджет есебінен салынуда.


Шымкентте биыл 6 спорт нысаны пайдалануға беріледі

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында биыл 6 спорт нысаны пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде екеуі бюджет есебінен салынуда.

Атап айтатын болсақ, «Металлург» стадионын қайта қалыпқа келтіру жұмыстары және Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебінің қосымша корпусының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.
Демеушілер есебінен 4 нысанның құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне беріледі;
- Үстел теннисіне арналған спорт нысаны - Әл-Фараби ауданы, Қазиев көшесі;
- Жаңа ипподром құрылысы;
- «TURAN ГХА» спорт нысаны - Еңбекші ауданы, 12 шағын аудан, Т.Тәжиев көшесі, 180;
- «SPORT LIFE» футбол орталығы – Орынбаев пен Ғ.Ильяев көшелерінің қиылысы.