Шымкентте бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау тәртібі толығымен автоматтандырылды

0
1 959

Режим балабақшаға кезекке тұру, жолдама беру және балабақша ауыстыруға мүмкіндік береді


Шымкентте бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау тәртібі толығымен автоматтандырылды

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қала аумағындағы 459 балабақшаға бүлдіршіндер автоматты түрде қабылданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Режим балабақшаға кезекке тұру, жолдама беру және балабақша ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, әрбір баланың электрондық төлқұжатын қалыптастырады. «Ақылды қала» жобасы аясында жүзеге асқан жүйені апробациялау нәтижесінде, 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақша кезегіндегі қатары 2,5 есеге - 46 мыңнан 18 мыңға дейін азайды.

Балаларды балабақшамен қамту ендігіде автоматты түрде онлайн режимінде атқарылады. Бұл өз кезегінде, жемқорлық тәуекелдері мен ата-аналардың арыз-шағымдарының төмендеуіне септігін тигізді.

Сонымен қатар, бірінші сынып оқушыларын қабылдау жүйесі де автоматтандырылды. Аталмыш жүйе электрондық қабылдауды жүзеге асырады, педагогикалық құрам туралы, оқыту тілі, мектептің рейтингісі, теріс факторлардың деңгейін айқындап, ата-аналарға толық ақпар бере алады. Бұдан бөлек, автоматтандыру жүйесі үш ауысымдық білім берудің ықтималдығын төмендетпек.