Шымкентте дәмханадан өрт шықты (видео)

0
553

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


Шымкентте дәмханадан өрт шықты (видео)

Шымкент қаласында «Крокус» дәмханасының шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өртке қарсы қызметінің «101» басқару пультіне 07 шілдеде Абай ауданы, Мангельдин көшесі бойында орналасқан екі қабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімдері ғимараттың бірінші қабатында сауда қатары орналасқанын, екінші қабатында «Крокус» дәмханасының шатыры өртке оранғанын анықтады.


Өрттің көлемі 280 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 17:37-де оқшауланып, сағат 18:32-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері мен материалдық шығыны анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 60 қызметкер, 12 техника, жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері, 1 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы, жұмылдырылды.