Шымкентте дәрігерлер жаңа босанған әйелді өлімнен арашалап қалды

0
2 076

Компьютерлік томография нәтижесі өкпесінің 90% зақымдалғанын, екі жақты пневмония екенін көрсеткен.


Шымкентте дәрігерлер жаңа босанған әйелді өлімнен арашалап қалды

17 желтоқсан күні жаңа босанған әйел ауыр халде перзентханадан қалалық жұқпалы аурулар орталығына ауыстырылады. Өздігінен тыныс ала алмаған науқасты дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Компьютерлік томография нәтижесі өкпесінің 90% зақымдалғанын, екі жақты пневмония екенін көрсетеді. Бұған қоса ПЦР сараптамасы Covid-19 вирусы бар екенін анықтап берген.
Науқаста тыныс жетіспеушілігінің 3-дәрежесі, айқын интоксикациялық синдромы, тромбациттің төмен болуы сынды асқынулар болған.
- Науқастың жасы 38-де, қазіргі жағдайы жақсы. Өздігімен тыныс ала алады. Қандағы оттегі мөлшері 98%-ды құрайды. Қайта жасалған компьютерлік томография қорытындысы өкпе қабынуының 30%-ға азайғанын көрсетті,- дейді жұқпалы аурулар орталығының анестезиолог-реаниматологы Айжан Бейсенгирова.
Азаматшаның денсаулығы жақсарып, 29 желтоқсан күні ауруханадан шығарылды.