Шымкентте дәстүрлі «Тілдарын» байқауы өтті

0
2 546

Сайыс үш тілде өтті.


Шымкентте дәстүрлі «Тілдарын» байқауы өтті

Шымкент қаласында студенттер арасында дәстүрлі «Тілдарын» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған білім бәйгесінде үш тілде сайысқа түсті.

Студент жастар үш тілде отбасы туралы әңгімелеп, сүйікті шығармаларынан үзінді оқып, мақалдарды, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын талдап берді.
Осылай аталған қалалық конкурс осымен жетінші рет өткізілді. Конкурсқа келер алдын "Шымкент - сүйікті қалам" тақырыбында эссе жазды. 40 үміткердің ішінен 13 қатысушы іріктеліп, бүгінгі кезеңде 8-і жүлделі орындар иемденді.
Республикалық тіл білімі конкурсына М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының студенті Аяжан Нұрмаханқызы жолдама алды. Бас бәйге Аяжанның еншісіне тиді.
Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйытқы болуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы тағы бір шара жоғары деңгейде өткізілді.