Шымкентте «Душа Евразии» халықаралық мәдениет және өнер фестивалі өтеді

0
79

Е.Айтаханов: «Шымкент түрлі мәдени шаралардың ортақ алаңына айналады».


Шымкентте «Душа Евразии» халықаралық мәдениет және өнер фестивалі өтеді

Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов РФ-ның Алматыдағы бас консулымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан мен Ресейдің өзара сауда және мәдени қатынастарын одан әрі дамытудың мүмкіндіктері және серіктестік жайы талқыланған бұл кездесуге қала әкімінің орынбасары Н.Ергешбек, қала әкімдігі аппараты басшысының орынбасары Г.Амантаева, Kazakh Invest АҚ аймақтық директоры И.Копайлов пен Касперский зертханасының өкілі Е.Питолин және бас консулдықтың атташесі Б.Мамиев қатысып, алғашқы болып Шымкент әкімі өз ойын жеткізді.

«Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптестер, біздің ұлттарды сан ғасырлық достық пен тұрақтылық байланыстырады. Ресей Қазақстанның сыртқы экономикадағы негізгі серіктесі, сондықтан біздің арақатынасымыз бұдан әрі де нығая түспек», - деді Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов өз сөзінде.


Өз кезегінде, Ресейлік тарап та Шымкенттің инвестициялық әлеуетіне қызығушылық танытып, аймақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін айтты. Тиісінше, аталған жобалар қос мемлекеттің экономикалық және туристік ахуалын арттырып, мәдени-гуманитарлық байланысын нығайтпақ.

Сонымен қатар, қала басшысы ресейлік қонақтарға Шымкент ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы атанғанын және оның аясында шаһарда өтетін іс-шаралар туралы да айтты.

«Біз үшін бұл үлкен мәртебе, Шымкент түрлі мәдени шаралардың ортақ алаңына айналады», - деді Е.Айтаханов.

Сондай-ақ, кездесу соңында Ерлан Қуанышұлы Ресейдің келер жылы Шымкентте «Душа Евразии» халықаралық мәдениет және өнер фестивалін өткізу туралы бастамасын қолдайтынын айтты. Аталған шара ТМД-ға мүше мемлекеттердің гуманитарлық-ынтымақтастық және мемлекетаралық қорының қолдауымен өтетін болады. Сонымен қоса, Шымкент әкімі 2020 жылы Қазақстанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы кең көлемде аталып өтетінін айтып, консулдық өкілдерін қонаққа шақырды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет