Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннаға жуық өнім жиналды

0
747

Өткен жылмен салыстырғанда егістік алқабы 1 мың гектарға артқан.


Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннаға жуық өнім жиналды

Шымкент қаласында биыл егістік алқабынан 15 650 тонна өнім алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 10 450 тонна дәнді дақыл, 5 200 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, картоптың 2100 тоннасы жиналды. Шаруалар майлы дақылдар мен мал азықтық дақылдарын, картоптың қалған бөлігін алдағы уақыттағы жиынға қалдырған.

Ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, ағымдағы жылы ауылшаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 мың гектарға артқан.
Дала жұмыстарына тракторлар, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштары, топырақ өңдейтін агрегаттардың 95 пайызға жуығы жұмылдырылып, егу мерзімдері толығымен сақталды.
Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 74,5 млн теңгеге 1125 тонна тыңайтқыш субсидияланған.
Қалада жалпы ауылшаруашылығы мақсатында 62,6 мың гектар жер көлемі бөлінген. Егістік жер - 39,5 мың гектар болса, суармалы жерлердің көлемі 11мың гектарды алып жатыр.