Шымкентте егістікпен қоса комбайн өртеніп кетті

0
965

20 гектар құрғақ шөп жанған.


Шымкентте егістікпен қоса комбайн өртеніп кетті

фото: иллюстрациялық

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Ақжар ауылында егістік алқабында өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Әділбек" шаруа қожалығына тиесілі "Енисей" маркілі комбайн өртенген. Өрттің жалпы аумағы 20 гектарды құраған. Яғни, 20 гектар құрғақ шөп жанған.

"Құрғақ шөп өртеніп кейін қызыл жалын егістік алқапты шарпыған. Өрт сағат 13.47-де ауыздықталып, 13.59-да толық өшірілді. Өрт салдарынан зардап шеккен мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің сөндіруге жеке құрамынан 26 адам мен 5 өрт сөндіру техникасы, сондай ақ жергілікті атқарушы органдардан 40 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.