Шымкентте екі азаматтан есірткі табылды

0
2 639

Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан екі дана пипетка және қағазға оралған есірткі затына ұқсас зат анықталып, тәркіленіп алынды.


Шымкентте екі азаматтан есірткі табылды

Шымкенттік полицейлер екі азаматтан есірткі анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

20 қаңтар күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық тексеріс жүргізу барысында жолдың бойында тұрған 48 жастағы ер азамат өзінің күдікті іс-әрекетімен назар аудартқан.

Полицейлер аталған азаматтың алдына барған кезінде ол қойған сұрақтарға нақты жауап бере алмай, күле бастаған. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан екі дана пипетка және қағазға оралған есірткі затына ұқсас зат анықталып, тәркіленіп алынды.

Арада бірнеше минут өткен соң сол аумаққа жақын жерде 36 жастағы екінші азамат есірткі затына ұқсас затымен анықталды. Учаскелік полиция қызметкерлері аталған екі азаматты полицияға жеткізді. Тексеру жүргізілгеннен кейін әр азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.