Шымкентте екі қабатты ғимараттың шатырынан өрт шықты

0
465

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


Шымкентте екі қабатты ғимараттың шатырынан өрт шықты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Шаймерденова көшесі №13, қараусыз қалған екі қабатты ғимараттың шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шатырдағы қоқыс жанған. Өрттің көлемі 95 ш.м. құрады. Оқиға орын алған жерге ТЖД-ның 29 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.
Өрт сағат 05:32-де ауыздықталып, сағат 05:56-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда.