Шымкентте электр энергиясы қайта берілді

0
881

Электр желілерінде орын алған ақау салдарынан еліміздің бірқатар өңірлерінде жарық сөнген болатын.


Шымкентте электр энергиясы қайта берілді

Шымкент қаласында электр энергиясы қайта берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін сағат 11:59-да электр желілерінде орын алған ақау салдарынан еліміздің бірқатар өңірлерінде, соның ішінде Шымкент қаласында электр энергиясы сөнді.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласына электр қуаты қайта берілді.
Егер, сіздің мекен-жайыңызда электр қуаты әлі де қосылмаған болса, төменде көрсетілген диспетчерлік номерге қоңырау шалуыңызға болады;
- Шымкент қалалық ЭЖ 8-725-2 35-39-85;
- Абай учаскесі 8-725-2 35-74-48;
- Әл-Фараби учаскесі 8-725-2 53-53-65;
- Еңбекші учаскесі 8-725-2 57-56-38;
- Қала маңы учаскесі 8-725-2 55-30-11.