Шымкентте ер адам 12 жасар қыздың көзінше автобуста мастурбация жасаған

0
818

Аталған оқиғаға қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті әлі пікір білдірген жоқ.


Шымкентте ер адам 12 жасар қыздың көзінше автобуста мастурбация жасаған

фото: "dobryaki_shymkent"

Шымкентте қоғамдық көлікте ер адам кәмелетке толмаған қыздың көзінше мастурбация жасаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы "dobryaki_shymkent" парақшасында жарияланды.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, аталған оқиға 16 сәуір күні таңғы сағат 10-дар шамасында қалалық №72 автобуста болған.

"Бүгін таңертең 12 жасар сіңілім №72 автобуспен үйге келе жатқанда суретте көрсетілген ер адам келіп, жыныс мүшесін шығарып 12 жасар қыздың көзінше мастурбация жасай бастаған. Сіңілімнің бар қолынан келгені маған телеграммға ер адамның түрі мен жасап жатқан әрекетін қысқа видео ретінде жіберді. Ол қыздың видеоға түсіріп жатқанын байқап, дереу "Қырғы базар" аялдамасынан түсіп қалған", - делінген жазбада.

Аталған оқиғаға қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті әлі пікір білдірген жоқ.