Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті (видео)

0
636

Жас жігіт түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.


Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті (видео)

иллюстрациялық фото

Шымкентте аттракционнан ер адам құлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы заңгер Евгений Яворский әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, ер адам құзға өрмелеу аттракционынан құлаған.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы құлаған жігіттің жағдайы туралы айтты.
"10 сәуірде қала саябағынан жедел медициналық жәрдем қызметіне ер адамның биіктен құлап, жарақат алғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, 1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Тексеру кезінде науқаста басының маңдайы жарылғаны анықталды. Дереу емдеу жүргізілді. Науқастың жағдайы ауыр, реанимацияда жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.