​Шымкентте ер адам баланың көзінше егіз сәбилі әйелін ұрып өлтірген

0
1 756

Қаза тапқан әйелдің емізулі егіз сәбиі қалды.


​Шымкентте ер адам баланың көзінше егіз сәбилі әйелін ұрып өлтірген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы саяжайлардың бірінде ер адам азаматтық некедегі әйелін кішкентай бүлдіршін туысының көзінше азаптап өлтірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотына 1986 жылы туған Эрик есімді күдіктіге қатысты қылмыстық іс материалдары келіп түскен. "Қайнар Бұлақ" елдімекенінде Эрик есімді ер адам азаматтық некеде ұзақ уақыт бойы әйелімен бір шаңырақ астында тұрып келген. Уақытша жұмыссыз. Екеуінің ортақ жасына толған егіз сәбилері бар.

Қанды оқиға күні сотталушы алкогольді ішімдікке әбден сылқия тойып алады. Тағы да ішкісі келіп, әйелін сыра алып келуге жұмсайды. Жұмсағанға жүрмеген жұбайына ашуланған ол бірден жанжалдаса кетеді. Ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің соңы күйеуінің әйелін тоқпақтауға ұласады.

Тәтесінің үйіне қонаққа келген бүлдіршін туыс қыздың көзінше әбден сабап, тепкілеген ер адам ақыры әйелді өлтіріп тынады. Қанды оқиға болған үйде тағы да марқұм әйелдің емізулі қос сәбиі болған.