Шымкентте ерікті түрде қару-жарақ тапсырғанға 252 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі

0
1 470

Тіркелмеген атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырылған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.


Шымкентте ерікті түрде қару-жарақ тапсырғанға 252 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі

Шымкент қаласында 2019 жылғы 10 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ерікті түрде тапсырылған қару-жарақ заттары үшін мемлекет тарапынан әрбір қаруға, яғни оның түріне байланысты оннан бастап жүзге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша қаражатын төлеу қарастырылған.

Тіркелмеген атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырылған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Дереккөз: Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі