​Шымкентте «Еріктілер мектебі» ашылды

0
1 090

Қазіргі таңда шаһарда 3 мыңнан астам ерікті, 20-ға жуық еріктілер ұйымы бар.


​Шымкентте «Еріктілер мектебі» ашылды

«Еріктілер жылы» аясында Шымкентте «Еріктілер мектебі» ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда шаһарда 3 мыңнан астам ерікті, 20-ға жуық еріктілер ұйымы бар. Солардың бірі - «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қоры. Аталған қор қалалық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Еріктілер мектебін» ашып отыр.

«Еріктілер мектебінің» басты мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, мұқтаждарға көмек беріп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық пен қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.

«Ізгілікте жарысайық»қайырымдылық қоғамдық қорының еріктілері білім, экология, әлеуметтік бағыттарында жұмыс жасайды.

Қайырымдылық қоғамдық қорының еріктілері білім, экология, әлеуметтік бағыттарында жұмыс жасайды. Мысалы, «Эко-волонтер» бағытында «Шымкент – таза қала», «Шымкент – жасыл қала» жобалары бойынша қаланың тазалығына өз үлестерін қосып отыр. Бұл арқылы волонтерларды тазалыққа, сабырлыққа, мәдениеттілікке үйретеді. Ал, «ПЕДКЛУБ» білім жобасы жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында жасалынған.