Шымкентте есірткі қоюмен айналысқан шетелдік ұсталды

0
633

Ер адамнан аса ірі мөлшерде синтетика тәркіленді


Шымкентте есірткі қоюмен айналысқан шетелдік ұсталды

көрнекілік фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шымкентте шетелдік есірткі қоюшы қылмыс үстінде ұсталды.


Ер адамнан аса ірі мөлшерде синтетика тәркіленді.

Оны полицейлер Қаратау ауданының аумағында арнайы рейдтік іс-шаралар барысында ұстады.

Тексеру барысында Өзбекстан азаматынан 15 орама мефедрон табылды. Тәркіленген психостимулятордың салмағы 20 граммға жуық.

Ұсталған азаматтың интернеттен «жұмыс» тауып, екі ай бойы қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал, жасырын орындар туралы ол мессенджерде бөлісіп отырған.

Қазіргі таңда шымкенттіктерді есірткімен улауға айтарлықтай үлес қосқан ер адам қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ЕСКЕРТЕДІ.