Шымкентте этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандарда кездесу өткізілді

0
488

Кездесу барысында ұлтаралық ынтымақтастық пен ҚХА кеңейтілген отырысы жөнінде айтылды.


Шымкентте этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандарда кездесу өткізілді

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптар мен шағын аудандарда ақпараттық-насихаттық арнайы топтың бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі кезекті кездесудің жалғасы өзге этнос өкілдері тығыз шоғырланған Қаратау ауданының Бозарық тұрғын алабындағы №57 мектепте өтті.
Кездесу барысында ұлтаралық ынтымақтастық пен ҚХА кеңейтілген отырысы жөнінде айтылды.
Кездесуге "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Е.Байқонақов, Қаратау ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы А.Сансызбай, "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог-маманы Н.Күндебай қатысты.