Шымкентте этнос өкілдері жаңарған әліпбимен диктант жазды

0
1 376

Аталған ашық диктант жастарға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануды үйрету мақсатында өтті.


Шымкентте этнос өкілдері жаңарған әліпбимен диктант жазды

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы этнос жастары арасында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінде ашық диктант өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні аясында еліміздің барлық аймағында бір мезетте өтіп жатқан іс-шараға Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктердің жастары, оқу орындарындағы «Достық» клубтарының мүшелері қатысып, жаңарған әліпбиді қаншалықты меңгергенін байқап көрді.

Сондай-ақ, бұл іс-шара жайлы Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ-ның бөлім басшысы Мәди Бесбаев баяндап берді.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастарына қазақ тілін үйрету шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі ашық диктант жастарға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануды үйрету мақсатында өтіп отыр. Диктант тақырыбы «2019 – Жастар жылына» арналды. Нәтижесінде қатысушылардың басым бөлігі латын графикасын жетік меңгергендігін байқатты. Аталған акцияны бұдан кейін де жалғастыру жоспарда бар», - дейді бөлім басшысы Мәди Бесбаев өз сөзінде.