Шымкентте футбол матчы кезінде стадионның шатыры ұшып кетті

0
938

Матч тоқтатылды.


Шымкентте футбол матчы кезінде стадионның шатыры ұшып кетті

Шымкентте қатты жел соғып, стадионның шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауа райы қолайсыздығы - қатты желдің салдарынан Қажымұқан стадионы мінбер жағы ғимаратының шатыры ұшты.

Осыған байланысты Қажымұқан стадионындағы футбол алаңында Ордабасы-Ақсу ойыны тоқтатылды.

Жарақат алған немесе зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүруде. Матч тоқтатылды.