Шымкентте газ жарылып бір отбасы баспанасыз қалды

0
2 577

120 ш.м. жеке тұрғын үйде орын алған.


Шымкентте газ жарылып бір отбасы баспанасыз қалды

Шымкент қаласындағы Құрсай елді мекенінде газ жарылып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылғы 24 ақпанда Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Құрсай елді мекені, Жаңақұрылыс н/з мекенжайда газ-ауа қоспасының (табиғи газ) жарылуы орын алған.

Оқиға осы мекенжайдағы көлемі 120 ш.м. жеке тұрғын үйде орын алған, бірақ өрт болмаған. Салдарынан үйдің 30 ш.м. қабырғасы қирап құлаған. Жарылыс салдарынан үйдің егесі 1980 ж.т. ер азамат, оның әйелі 1984 ж.т. азаматша және туысы 2001 ж.т. азаматша зардап шегіп, қалалық ауруханаға жатқызылды.

Барлық зардап шеккендерге 1,2,3 дәрежелі күйік шалуы деген диагноз қойылған.

Оқиға орнына Шымкент қаласының ТЖ департаментінен жеке құрамында 20 адам және 4 техника, Апаттар медицина орталығы филиалының 1 бригадасы, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері жұмылдырылды. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері анықталуда және құзырлы органдар тиісті жұмыс атқарып жатыр.