Шымкентте газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

0
1 469

Қала аумағында халықты улы газдан сақтандыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.


Шымкентте газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жылу маусымы басталғалы қала аумағында халықты улы газдан сақтандыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы, Абай ауданының әкімдігі, аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен «Жастар орталығының» еріктілері осы бағыттағы жұмыстарды Алтын төбе тұрғын алабында жалғастырды. Қайғылы жағдайларды алдын алу мақсатында мамандар тобы тұрғындарды, ең алдымен, мұржаларды тазалауға, газ жабдықтарын тиісті талаптарға сай қолдануға шақырды. Сондай-ақ газ жүйелерін қадағалайтын арнайы мекемелердің қызметтерін түсіндірді.
Азаматтар тұрғын үйлер мен ғимараттарда, аулаларда улы газ сезілген жағдайда төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.
Авариялық қызмет: 104
Газ-техникалық инспекция бөлімі: 8 (7252) 24-75-04, whatsapр: 8 701 333 40 15, 8 707 230 36 17, 8 707 671 19 92
І-көмек ситуациялық орталығы - 109.