Шымкентте инвесторларды қолдауға арналған келісімге қол қойылды

0
1 119

Шымкент қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Lux Shoes» ЖШС-і 403 000 000 теңгені және «KazBioLife» ЖШС-і 650 000 000 теңгені құрайтын Инвестициялық жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды.


Шымкентте инвесторларды қолдауға арналған келісімге қол қойылды

Шымкент қаласында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы бойынша келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін, Шымкент қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Lux Shoes» ЖШС-і 403 000 000 теңгені және «KazBioLife» ЖШС-і 650 000 000 теңгені құрайтын Инвестициялық жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды.

Аталған іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер, Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Қол қою рәсімі аясында отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ олардың сенімін арттыру мәселелері талқыланып, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері айтылды.«Инвесторлар үшін жаңа бизнес идеяларын іске асыруға кедергі жасайтын мәселелер әлі де жоқ емес. Оның ішінде жемқорлық та бар. Осыған байланысты Агенттік жаңа жоба енгізді. Аталған жобағақатысуға ниет білдірген инвесторлар Қазақстан аумағында аптаның кез-келген күні мен тәулігінде қорғалады» - деп атап өтті Департамент басшысы Әли Көмекбаев.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған ЖШС директорлары мұндай жобалар жаңадан ашылған кәсіпорындарға өте қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.Сонымен қатар, «Protecting Business and Investments» жобасынының мүшесі болуға ниет білдірген инвесторлер үшін Департамент тарапынан «WhatsApp» (+7702 201 51 51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайды.