Шымкентте іскер әйелдер марапатталды

0
1 928

Алғыс хатты арнайы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ш.Мұқан табыстап, әртүрлі салада көшбастап жүрген ханымдардың істеріне сәттілік тіледі.


Шымкентте іскер әйелдер марапатталды

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алғыс хатты арнайы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан табыстап, әртүрлі салада көшбастап жүрген ханымдардың істеріне сәттілік тіледі.

– Жаңа жылдың келуімен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз. Тоқсаныншы жылдардың бас кезі мен қазіргі кезеңді салыстыруға келмейді. Еліміздің бүгінгі дәрежеге жетуіне Сіздердің де қосқан үлестеріңіз зор. Мемлекет әрдайым Сіздерге қолдау көрсететініне сеніңіздер. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын. Бақ-береке тілеймін, істеріңіз алға баса берсін, - деді Шыңғыс Мұқан.

Салтанатты жиынға түрлі салада қызмет етіп жүрген 7 нәзік жанды қатысты. Олар да өз кезегінде қала әкіміне алғысын айтып, ізгі тілектерін жеткізді.