Шымкентте іскерлік туризм индустриясы бойынша семинар-тренинг өтті

0
845

Семинарда 25-ке жуық компания өкілі туризм саласын дамыту бойынша ақысыз білім алды.


Шымкентте іскерлік туризм индустриясы бойынша семинар-тренинг өтті

Шымкент қаласында іскерлік кездесулер мен халықаралық іс-шараларды ұйымдастыратын MICE индустриясына көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта туризм басқармасы «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясымен бірлесе қаладағы қонақ үй менеджерлеріне, туристік операторлары мен агенттіктерге арнайы семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған семинарда 25-ке жуық компания өкілі туризм саласын дамыту бойынша ақысыз білімін жетілдіруге мүмкіндік алып отыр.
Дәріс барысында халықаралық іс-шараларды дестинацияға тарту, іскерлік кездесулердің негіздерін басқару, сату саласын оңтайландыру және халықаралық ассоциациялардың іс-шараларын тарту әдістері мен замануи трендтер секілді тақырыптар талқыланды.
Туристік индустрия жұмысының жеке, топтық немесе корпоративтік тиімділігін арттыру бағытында сабақ алған мамандар мәдени қаламызда халықаралық жиындарды ұйымдастыруға ықпал етеді.