Шымкентте «JAIDARMAN» ойындарының жеңімпазы анықталды

0
980

Барлық командалар бағалы сыйлықтарға ие болды.


Шымкентте «JAIDARMAN» ойындарының жеңімпазы анықталды

Шымкент қаласында жүйріктердің жүйрігі анықталатын «JAIDARMAN»-ның ақтық ойыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтар болсақ, осы күнге дейін аталған сайысқа қатысқан 28 команданың ішінен финалда бақ сынайтын «Капитан» (М.Әуезов атындағы ОҚМУ), «Достық» (Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ), «Хэштег» (М.Әуезов атындағы ОҚМУ), «Миллион» («Нұр-Үміт» өнер орталығы) командалары топ жарып шыққан еді.

Олар кезеңнен тұратын ақтық ойында (Сәлемдесу, жамбы ату және жұлдызды ойыншымен үй тапсырмасы) жоғары дәрежеде, чемпиондық атаққа лайықты ойын көрсетті.

Нәтижесінде «Капитан» командасы 3-ші орынға тағайындалған 100 000 теңгені, «Достық» құрамасы 2-ші орынға тігілген 200 000 теңгеніиемденді. Ал, 1-ші орын және 300 000 теңге сыйақы «Хэштег» командасына бұйырса, бас жүлде және оған тағайындалған 500 000 теңгені «Миллион» командасы қанжығасына байлады.