Шымкентте кафе алдында жанжалдасып қалған екі жігіттен қару табылды

0
558

Бұзақылық жасаған жергілікті екі тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілген.


Шымкентте кафе алдында жанжалдасып қалған екі жігіттен қару табылды

Фото: видеодан скриншот

Шымкентте кафе алдында жанжалдасып қалған екі жігіттен қару табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Онда 27 ақпан күні түнгі сағат 02:00 шамасында қаладағы кафелердің бірінің алдында бір топ жігіттер жанжалдасып, бұзақылық жасап тұрғаны бойынша шағымданған. Яғни, жолда екі ер адам ерегісіп қалған, нәтижесінде олардан қару табылған.


Аталған жайт Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегі арқылы анықталып, оқиға орнына патрульдік полиция полкінің екінші рота қызметкерлері шұғыл жеткен. Бұзақылық жасаған жергілікті екі тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілген.

Қазіргі таңда азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты кастет және басқа да қаруды немесе денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа заттарды қолданумен немесе қолдануға тырысумен жасалған бұзақылық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматтарға қатысты құқықтық баға берілетін болады.