Шымкентте «Қан тапсыр - өмір сыйла» акциясы өтті

0
2 606

Іс-шараның мақсаты – донор болуды насихаттаумен қатар, қажетті мөлшерде қан жинау.


Шымкентте «Қан тапсыр - өмір сыйла» акциясы өтті

Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасы аясында «Қан тапсыр - өмір сыйла» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Іс-шараның мақсаты – донор болуды насихаттаумен қатар, қажетті мөлшерде қан жинау. Аталған акцияға қоғамдық ұйымдар, жоғары оқу орындары, орта арнаулы оқу орындары және орталық қызметкерлері атсалысты.

- Егер адам кез келген жұқпалы, вирустық аурулардың түрімен ауырса, оның қаны қабылданбайды. Сонымен қатар жоғары немесе төмен артериялық қысым, эпилепсиялық құрысулар және өмірлік маңызды органдары ауыратын адамдар да қан тапсыра алмайды, - дейді мамандар.

Айта кетейік, іс-шара эпидемиологиялық жағдайға байланысты, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Сондай-ақ, өтініш білдіруші жастар қан тапсырмас бұрын қажетті сауалнаманы толтырып, денсаулығының барлық көрсеткіштері дұрыс екенін растады.