Шымкентте қандай мамандықтар сұранысқа ие

0
2 185

Медбике, дәнекерлеуші, краншы және аспаз, тігінші секілді өзге де мамандық иелері қажет.


Шымкентте қандай мамандықтар сұранысқа ие

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы 2020 жылы сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар: медбике, дәнекерлеуші (сварщик), краншы, аспаз, тігінші, агроном, ветеринар, еден жуушы, экскаваторшы және электрші.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы әр жылдың соңында мекемелерге қажетті мамандықтардың тізімін сұратуға хат жолдайды. Көбіне жекеменшік және мемлекеттік мекемелер жоғарыдағы мамандықтарға сұраныс жасайды.
Жалақы мөлшері 50 мың мен 100 мыңның теңге аралығында.