​Шымкентте карантин 12 қазанға дейін ұзартылды

0
852

Қала тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу) өткізуге тыйым салынады.


​Шымкентте карантин 12 қазанға дейін ұзартылды

Шымкентте карантин 12 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Шымкент қаласының аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00.00-ден 2020 жылғы 12 қазан сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын", - делінген қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысында.

Қалада жүріп-тұру кезінде маска кию бойынша міндетті талаптар, адамдар арасында 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс.

Үйлердің аулаларында, саябақтарға, алаңдарға, гүлзарларға, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топқа және бір отбасы мүшелеріне рұқсат етіледі.

Жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топқа ғана рұқсат беріледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу) өткізуге тыйым салынады.