Шымкентте карантин талабын сақтамаған бильярд клубы анықталды

0
2 515

Бильярд клубының әкімшілігінен түсініктеме алынды.


Шымкентте карантин талабын сақтамаған бильярд клубы анықталды

Шымкент қаласының полицейлері тұрақты түрде карантиндік шараларды бақылау және сақтау бойынша рейд жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арнайы мобильдік топтар адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрақты рейдтік шаралар мен тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Соның нәтижесінде қала аумағында мобильдік топтар 11 ақпан сағат 23:40-та Шымкент қаласы Ж.Адырбеков көшесі 178 үйде орналасқан «Думан» бильярд клубына мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқанын анықтады.


Аталған клуб 40-тан аса келуші қонақтарды қабылдап, 15 бильярд үстелдің жұмыс жасап жатқаны, сонымен қатар, бильярд клубының қызметкері бетпердесіз жүргені анықталды.


Бильярд клубының әкімшілігінен түсініктеме алынды.