​Шымкентте қарттар күні тойланды

0
943

Халыққа қызмет көрсету орталығына келген зейнеткерлерге кезектен тыс қызмет көрсетілді.


​Шымкентте қарттар күні тойланды

Қарттар күні қарсаңында Халыққа қызмет көрсету орталығына келген зейнеткерлерге тосын сый ұйымдастырылды. Мамандар оларға гүл мен сыйлық үлестіріп, кезектен тыс сапалы қызмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- Ал біздің ата-аналарымыз бен әжелерімізден қымбат не болуы мүмкін? Біз олардың әрқашан сау болғанын және ешқашан қайғырмағанын қалаймыз. Басты назар оларға аударылады. Қарттар біздің қазынамыз. Оларға көңілден басқа ештеңе қажет емес, - деді Алтынай Татаева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкенттегі филиалының баспасөз хатшысы.

Мұндай шара шаһардағы барлық фронт-кеңселерде жалғасын табады. Еліміздің қанат жайып, өркендеуіне, ұрпақтарының жарқын келешегіне тілекші қарияларымыздың арамызда алаңсыз, аман-сау жүруі маңызды. Сондықтан қазыналы қариялармызды мерекелерімен құттықтап, мықты денсаулық тілейміз.