​Шымкентте қарттарға әлеуметтік төлем тағайындалды

0
788

Көрсетілген әлеуметтік төлемді қандай қарттар ала алады?


​Шымкентте қарттарға әлеуметтік төлем тағайындалды

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласында бүгінгі таңда 80 783 зейнеткер бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олардың ішінде 26-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 4 мыңға жуығы тыл еңбеккерлері болса, 10 мыңнан астамы көп балалы аналар болып есепке алынған. Қазыналы қария кісілердің ішінде 100 жастан асқан 13 ата-әжеміз бар.

Осы жылы 80 жастан асқан 123 адамға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал 10 мыңнан астам көп балалы анаға 14 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды.

Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 40 соғыс ардагері мен мүгедектеріне біржолғы 360 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек берілді. Ардагерлерді сауықтыру мәселелеріне де ерекше мән беріліп отыр. Биыл 8438-і санаторлы-курорттық емделуге жолданды.