Шымкентте кәсіпкерлік нысандарға санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

0
671

Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау нысан иелерімен келісім негізінде атқарылады.


Шымкентте кәсіпкерлік нысандарға санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандар келушілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау нысан иелерімен келісім негізінде атқарылады. Дезинфекциялау жұмыстарына арнайы техника жұмылдырылып, су бүріккіш жабдық, хлор ерітіндісі, сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылды.
Дезинфекциялау жұмыстарына жеке кәсіпкерлер, шағын және орта сауда орталықтарымен қатар дүкен иелері белсене қатысты. Аталмыш жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.